Kyzylorda-news.kz. Еркін күрестен елімізде 4 спортшы əлемдік рейтингте үздік үштіктің қатарында болса, оның екеуі – Сыр балуандары.
Олар: 65 келіде әлем чемпионатының финалисі Дәулет Ниязбеков пен 79 келідегі Ғалымжан Өсербаев.
Айта кетейік, былтыр Нұр-Сұлтан қаласында өткен Əлем чемпионатында жерлесіміз Дəулет Ниязбеков 65 келі салмақта күміс жүлдені иеленіп, Токио Олимпиада ойындарының жолдамасын жеңіп алған болатын.