Kyzylorda-news.kz. Қызылордалық гимнастшылар карантиннен кейін оқу-жаттығу процесін бастағалы бір аптадан асты.

Қазіргі таңда гимнастшылар алдағы жарыстарға тыңғылықты дайындалып келеді.

«Тамыз айында көркем гимнастикадан Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан чемпионаты, қыркүйекте Алматыда Қазақстан кубогы өтуі жоспарланған. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласында топтық эстетикалық гимнастикадан өтетін Азия чемпионатына  7 спортшымыз қатысады. Егер карантин режимі толық аяқталса, осы жарыстарға қатысамыз. Аптасына үш мəрте жаттығу жұмыстарын өткізіп жүрміз.  Маусымнан бастап спортшылар сабақ кестесіне сəйкес күнде залда жаттығатын болады», – деді көркем гимнастикадан облыстың аға жаттықтырушысы Гүлмира Абсұлтан.

Айта кетейік, Сыр гимнастшылары былтырғы жылы Алматыда топтық эстетикалық гимнастикадан өткен ел кубогында бірінші орынды жеңіп алса, Сингапурдағы жарыста қола жүлдені иеленген.

Тағы да оқыңыз: