Спорт басқармасының басшысы Тұрсынбай Құлахметті қабылдады – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Спорт басқармасының басшысы Тұрсынбай Құлахметті қабылдады

20.11.2020, 15:40

287 0

Kyzylorda-news.kz. Белгілі кəсіпқой боксшы, Əлем чемпионатының қола жүлдегері, Тұрсынбай Құлахметті басқарма басшысы Жақсылық Оспанов қабылдады.

Басқарма басшысы Тұрсынбайды жеңісімен құттықтап, алдағы жоспарларды талқылады.

Айта кетейік, жақында ғана Тұрсынбай Құлахмет (1-0, 1 КО) MTK Global промоутерлік компаниясы ұйымдастырған Оңтүстік Крикбидегі (Ұлыбритания) бокс кешінде екінші жекпе-жегінде жеңіске жеткен болатын.

Қазіргі таңда Қамшыбек пен Тұрсынбай алдағы жекпе-жектеріне тыңғылықты дайындық үстінде.

Сондай-ақ, 22-29 қараша аралығында Шымкентте бокстан ересектер арасында өтетін Қазақстан чемпионатына облыс құрамасы қатысады.

0

Пікір қалдыру