Kyzylorda-news.kz. Еңбекші ауылының спорт кешенінде әскери самбодан спорт шебері Малкаждар Теміровті еске алуға арналған қазақша күрестен облыстық ашық турнир өтті.

2006-2007 жылы туылған жасөспірімдер арасында өткен жарысқа Алматы облысы, Түркістан облысы, Шымкент қаласы, Қызылорда қаласы және облысқа қарасты барлық аудандардан 350-ге суық жас спортшылар қатысты.

Жарыс жеңімпаздарына Малкаждар Теміров атындағы медаль, естелік сыйлықтар мен диплом табысталды.

Аталған турнир жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

Тағы да оқыңыз: