Қызылордалық зілтеміршілер командалық есепте екінші орында тұр – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордалық зілтеміршілер командалық есепте екінші орында тұр

14.02.2020, 17:40

426 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер мен əйелдер арасында ҚР жекелей жəне командалық чемпионаты мен кубогы аяқталды.

Алты күнге созылған жарыс нəтижесінде облыс спортшылары 3 алтын, 1 күміс, 3 қола медаль иеленіп, жалпыкомандалық есепте ерлер (230 ұпай) мен əйелдер (214 ұпай) командалары екінші орындарды иеленді.

Жекелей есепте 59 келі салмақта Аяжан Нұржан (73+97=170), 89 келіде Евгений Ломанов (160+175=335) жəне 96 келіде Рүстем Сыбай (155+190=345) Қазақстан жеңімпазы атанды.

96 келіде Шахизат Əбдіраманов күміс жүлдеге ие болса, 81 келіде Динара Қыпшақбай мен Арыстанбек Жаханша, 87 келіде Асылзат Дөненбаева қола жүлделерді иеленді.

Ерлер мен əйелдер арасында Алматы облысының спортшылары бірінші орынды алса, ерлер арасында Қарағанды, əйелдер арасында Қостанай облысының командалары үшінші орындарға ие болды.

0

Пікір қалдыру