Kyzylorda-news.kz. Қостанай қаласында ауыр атлетикадан 17 жасқа дейінгі ұлдар жəне қыздар арасында өткен ел чемпионатында Сыр өңірінің зілтеміршілері жеңіс тұғырынан көрінді.

Қазақстан Респуликасының чемпионатында Қызылорда облысының зілтеміршілері 6 алтын, 4 күміс, 1 қола медаль иеленіп, жалпы командалық есепте ұлдар құрамасы 1-орынды жеңіп алды.

Жекелей есепте Таисия Алексеева, Алтынай Тәңірбергенова, Русалина Муликова, Əлфараби Жауынтаев, Шахизат Абдрахманов, Бақдаулет Камал Қазақстан жеңімпазы атанды.

Таңшолпан Каюпова, Нұрай Балжігіт, Дінмұхаммед Данышпан, Дəуірбек Аймырза күміс, Аянат Жұмағали қола жүлдеге ие болды.

Тағы да оқыңыз: