Kyzylorda-news.kz. Түркістан облысы Шымкент қаласы Сайрам ауданында волейболдан халықаралық турнир өтті.

Жарысқа Түркістан, Шымкент, Тараз, Қарабұлақ, Қызылорда жəне Өзбекстаннан алты команда қатысты. Жарыста қызылордалық «Қайсар» волейбол командасы жеңімпаз атанды.

Ақтық ойында қайсарлықтар Өзбекстан командасымен кездесіп, 3:2 есебімен жеңді.

Команда құрамында Сайын Дидар «Үздік қорғаушы» номинациясына ие болса, Юрий Сенкевич «Үздік шабуылшы» атанды.

Енді команда 19-29 ақпан аралығында Орал қаласында волейболдан жоғары лига командалары арасында өтетін ҚР ХХVIII чемпионатының үшінші айналымына қатысады.

Чемпионаттың төртінші айналымы наурыз айында Талдықорғанда, соңғысы сəуірде Түркістан облысында өтеді.

Қазіргі таңда «Қайсар» волейбол командасы Шымкент қаласында оқу-жаттығу жиынында тыңғылықты дайындалуда.

Тағы да оқыңыз: