Kyzylorda-news.kz. Атырау қаласында тоғызқұмалақтан өткен ерлер арасындағы ҚР командалық чемпионатында облыс құрамасы жүлделі ІІІ-орынды иеленді.

Команда құрамында Бексұлтан Бостандықов, Ермұхаммед Əлайдар, Дамир Ахметов, Сəбит Шүленбаев, Ерасыл Пернебаев жəне Хəкімжан Елеусінов шеберлік байқасты.

Енді 15-21 ақпан аралығында Тараз қаласында əйелдер арасында өтетін ел чемпионатына облыс құрамасы қатысады.

Содан кейін облыс тоғызқұмалақшылары 1-7 наурыз аралығында Қызылорда қаласында өтетін мемлекет жəне қоғам қайраткері Н.Ергешбаевты еске алуға арналған ашық Азия кубогына дайындалады.

Тағы да оқыңыз: