Қызылордалық студенттер дүниежүзілік универсиадаға жолдама алды – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордалық студенттер дүниежүзілік универсиадаға жолдама алды

14.06.2021, 16:04

1506 0

Kyzylorda-news.kz Тәуелсіздіктің 30 жылдық мерейтойына арналған Қазақстан Республикасының XI жазғы Универсиадасы өз мәресіне жетті. Еліміздегі 100-ден аса жоғары оқу орны ішінен, 60 университет өз студенттеріне  шараға қатысуға жағдай жасап, додаға қосты. Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің спортшылары жалпы командалық есепте бестікке кірді.

Спорттың 20 түрінен 136 спортшы жарыста бақ сынады. Нәтижесінде университет қоржынына 11 алтын, 10 күміс, 25 қола медаль түскен. Спорттың командалық түрлері бойынша тоғызқұмалақтан – 1 орын, армрестлинг, шахмат, волейбол, шағын футболдан – 3 орын иеленді.

«Бұл университетте жүйелі түрде спортшыларды жан-жақты қолдауға бағытталған жұмыстардың нәтижесі. Жеңімпаздар елдің құрама командасы сапында 2022 жылы Қытайда өтетін Дүниежүзілік жазғы универсиадаға қатысуға жолдама алды. Университетте студенттер үшін 11 спорттық секция жұмыс жасайды. Оқу ордамызда Әлем чемпионатының – 9, Азия чемпионатының – 27, Қазақстан чемпионатының – 120 жеңімпазы мен жүлдегері білім алуда», – дейді дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының меңгерушісі Талант Бимаханов.

0

Пікір қалдыру