Kyzylorda-news.kz.Онлайн жүйеде киокушинкай-кан каратэден  Ұлттық Республикалық Киокушинкай-кан каратэ Федерациясының кубогы өтті.

Жарыстың  мақсаты  – Елімізде орын алып жатқан  індетті тежеп,  карантин кезінде спортшылардың уақытын тиімді өткізіп, спортқа деген ынтасын арттыру.

Ката бағдарламасы бойынша өткен жарысқа Қазақстанның барлық өңірінен 90- ға жуық спортшы қатысты.

Нəтижесінде жерлестеріміз  16-17 жас аралығында Мейрамбек Мәди бірінші орынды жеңіп алса, Мейрамбек Али күміс, 18 жастан жоғары ерлер арасында Саки Жеңісбек  қола жүлделерді иеленді.

Спортшылардың жаттықтырушысы: Бауыржан Мұханов.

Жеңімпаз жəне жүлдегер спортшылар  #2ОРМБЖМ -де тəлім алады.

Тағы да оқыңыз: