Kyzylorda-news.kz. 22 шілде – 30 тамыз аралығында онлайн режимде Дүниежүзілік шахмат онлайн-олимпиадасы өтеді.

Тұңғыш рет онлайн түрде ұйымдастырылатын байрақты бəсекеде 163 елдің шахматшылары бақ сынасады.

Қазақстан атынан 20 жасқа дейінгі спортшылар арасында жерлестеріміз, шахматтан 3 дүркін Əлем, 7 дүркін Азия, 17 дүркін Қазақстан чемпионы Əсел Серікбай мен 2 дүркін Əлем, 5 дүркін Азия, 14 дүркін Қазақстан чемпионы Назерке Нұрғали сынға түседі. Екеуі де халықаралық ФИДЕ шеберлері.

Қазіргі таңда шахматшы қыздар жарысқа тыңғылықты дайындалу үстінде. Олар аптасына төрт күн 6 сағаттан, сəрсенбі, сенбі, жексенбі күндері Chess.com, Lichess.org, Chess24.com сайттарындағы онлайн жарыстарға қатысып, шыңдалуда.

Тағы да оқыңыз: