Kyzylorda-news.kz.  Қарағанды қаласында жасөспірімдер мен ересектер арасында ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпионаты өтті.

Жарысқа әлемнің 30-дан астам елінен 1000 – нан аса спортшы қатысты. Қазақстан Республикасының құрама командасы 9 түрлі салмақ дәрежесінде бақ сынады. Айта кетерлігі, құрама командадағы спортшылардың көпшілігі еліміздің күштік құрылымдарынан жасақталған. Оның ішінде Қызылорда облысы Полиция департаментінің Жылдам қимылдайтын арнайы жасағының инспекторлары полиция лейтенанттары Асқар Қоңқабаев пен Алтынбек Турмаханов 86 кг салмақ дәрежесінде сынға түсті. Тартысты додада полиция лейтенанты А.Қоңқабаев алтыннан алқа тағып, әлем чемпионы атанды. Ал полиция лейтенанты А.Турмаханов аталған салмақ дәрежесінің күміс жүлдегері атанды.

Әлемдік доданың нәтижесі бойынша Қазақстан құрамасы командалық есепте 1-ші орынды иеленді.

Тағы да оқыңыз: