Kyzylorda-news.kz.  Нұр-Сұлтан қаласында парадзюдодан ерлер және әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Жарыс нəтижесінде қызылордалық спортшылар 1 алтын, 2 күміс медаль иеленді.

Əр кездесуінде қарсыластарынан басым болған Даяна Федосова 57 келіде алтын медаль иегері атанып, жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтерілді.

Ал 78 келіден жоғары салмақта өнер көрсеткен Айдана Кенжебай мен Əсем
Аманбек күміс жүлделерді еншіледі.

Енді спортшылар сəуір айында Ұлыбританияда парадзюдодан өтетін Гран-при жарысына қатысуға дайындалады.

Спортшыларды жарысқа Жанарбек Сансызбаев, Қайрат Баякенов, Руслан Беркімбай жəне Қайрат Төленов дайындады.

Тағы да оқыңыз: