Қызылордада жастар арасында кроссфиттен сайыс өтті – Kyzylorda News
Басты бет

Қызылордада жастар арасында кроссфиттен сайыс өтті

09.12.2019, 10:40

524 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Қайырымдылық керуені» жобасы аясында жастар арасында кроссфиттен сайыс өткізілді.

Сайысқа​ түрлі этнос өкілдерінен барлығы​ 20 жас қатысып, физикалық тұрғыда бақ сынасты. Жылдамдық пен қажыр-қайратты талап ететін жарыс жыл сайын жастар арасында кеңінен таралып келеді. Кроссфитке физикалық күш пен жылдамдықтан бөлек есте сақтау қабілетінің ұшқырлығы да қажет. Себебі әр жаттығуды орындау саны әртүрлі және тиісті жаттығуды қайталап орындау қажет.​ 

Тартысты өткен сайыста І орынды Ернат Сәрсенбек, ІІ орынды Саят Осаман, ІІІ орынды Дәулетияр Асанов мен Бақдәулет Жеңісбек жеңіп алды.

0

Пікір қалдыру