Kyzylorda-news.kz. 15-16 ақпан күндері «Мұз айдыны» спорт кешенінде мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхамед Қонаевты еске алуға арналған волейболдан ардагерлер арасында XI халықаралық турнир өтеді.

Облыста алғашқы мәрте ұйымдастырылған жарысқа Өзбекстан, Қырғызстан мемлекеттерінен, Нұр-Сұлтан, Алматы, Байқоңыр қалаларынан және Алматы, Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау Қызылорда облыстарынан 12 команда, 50 жастан жоғары 120 ардагер спортшылар қатысады.

Жарыстың құрметті қонағы ретінде қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов қатысады. Сондай-ақ, ол Алматы қаласының «КАЗНАУ» командасының құрамында ойын көрсетеді.

Айта кетейік, айтулы жарыс бұған дейін Алматы, Тараз, Атырау қалаларында өтіп келген.

15 ақпан 10.00 – салтанатты ашылуы

10.30 – жарыстың басталуы

16 ақпан 12.00 – ақтық ойын

13.00 – жарыстың жабылу салтанаты

Тағы да оқыңыз: