Kyzylorda-news.kz. 2-6 наурыз аралығында Қызылорда қаласында мемлекет және қоғам қайраткері Нәлқожа Ергешбаевты еске алуға арналған тоғызқұмалақтан ашық Азия кубогы өтеді.

Дүбірлі бәсекеге Ауғанстан, Әзірбайжан, Қырғызстан, Түркіменстан, Өзбекстан, Түркия, Ресей, Моңғолия, Босния және Герцеговина, Қазақстанның әр өңірінен келген тоғызқұмалақшылар шеберлік байқасады.

Жарыс классика бойынша 9 турда, 17 жасқа дейінгі жастар және одан жоғары жастағы ерлер мен əйелдер арасында 4 топта өткізіледі.

Айта кетейік, ашық Азия кубогы Қазақстанда жəне Қызылорда облысында алғашқы рет ұйымдастырылуда.

Жарыс 2 наурыз күні сағат 10.00-де “Нұрсəт” теннис орталығында басталады, 16.00-де А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде салтанатты ашылуы өтеді.

Турнир жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің есімдері 6 наурыз күні белгілі болады.

Тағы да оқыңыз: