Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласында индорхоккейден ерлер жəне əйелдер арасында ҚР чемпионаты өтті.

Ел чемпионатының соңғы айналымына Алматы қаласы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Жамбыл жəне Қызылорда облыстарының командалары қатысып, үздіктер анықталды.

Жарыс нəтижесінде “Қайсар” ерлер жəне əйелдер командалары жеңістің биік сатысына көтерілді. Индорхоккейден қос команда биыл бесінші мəрте Қазақстан жеңімпазы атанды.

Ерлер арасында Бақытбек Сəрсенбайұлы (қақпашы), Ғалымжан Əлиев, Нұрхан Сансызбаев жəне Дəулетбек Əлиев жақсы ойын өрнегін көрсетсе, əйелдер арасында Алиса Чепкасова, Гузал Бахабаддин, Əйгерім Маханова жəне Гүлнара Иманғалиева команданың алға шығуына өз үлестерін қосты.

Айта кетейік, келесі жылдың ақпан айында Əлем чемпионатында жерлестеріміз Қазақстан құрама команда сапында өнер көрсететін болады.

«Қайсар» ойын түрлері бойынша спорт клубының спортшыларын жарысқа ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Сұлтанбек Қобландин дайындады.

Ерлер арасында Алматы облысы – екінші, Батыс Қазақстан облысы – үшінші орындарға ие болса, əйелдер арасында Алматы облысы – екінші, Жамбыл облысы – үшінші орындарды еншіледі.

Тағы да оқыңыз: