Kyzylorda-news.kz. Қызылорда қаласындағы “Евразия” спорт кешенінде ауыр атлетикадан ерлер мен əйелдер арасында ҚР-ның жекелей жəне командалық чемпионаты мен кубогы өтуде.

Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан жəне облыс орталықтарынан 14 команда, 186 спортшы 20 салмақ дəрежесінде қатысуда. Оның 73-і əйел, 113-і ерлер.

Жарыстың салтанатты ашылуына Қызылорда облыс əкімінің орынбасары Наурызбай Байқадамов қатысып, спортшыларға сəттілік тіледі.

Жарыс қорытындысы бойынша сәуір айында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын құрама команда жасақталатын болады.

Айта кетейік, Ташкентте ауыр атлетикадан өтіп жатқан халықаралық бірлік чемпионатына жерлесіміз Илья Ильин қатысуда. Сондай-ақ, 13-20 ақпан аралығында Ташкентте жасөспірімдер мен жастар арасында өтетін Азия чемпионатына облыстан Əлем чемпиондары Рахат Бекболат пен Сəпи Есенкелді жəне күміс жүлдегер Айсамал Сансызбаева Қазақстан атынан өнер көрсетеді.

Ел чемпионаты мен кубогы күнде сағат 11.00-17.00 аралығында өтеді. Жалпыкомандалық есеп бойынша нәтиже 14 ақпан күні белгілі болады.

Тағы да оқыңыз: