Kyzylorda-news.kz. Нұр-Сұлтан қаласында пара пауэрлифтингтен өткен ҚР-ның командалық чемпионатында облыс құрамасы табысты өнер көрсетіп,
3-орынды иеленді.

Ел чемпионатына еліміздің барлық аймағынан 17 команда қатысты.

Нəтижесінде Мүгедектерге арналған спорт клубының спортшылары Кабира Асқарова (50 келі), Станислав Шакиев (59 келі) жəне Айгүл Байжанова (86 келі) Қазақстан жеңімпазы атанды.

50 келіде Фариза Төлжан (Мүгедектер спорт клубы), “Қажымұқан” спорт клубының спортшылары, 79 келіде Дана Темірхан күміс, 55 келіде Нарқыз Абдрасилова қола жүлделерге ие болды.

Сондай-ақ, командалық чемпионатпен қатар өткен жастар арасындағы ел чемпионатында Дана Темірхан мен
Нарқыз Абдрасилова бірінші орындарға ие болды.

Спортшыларды жарыска облыстың аға жаттықтырушысы Бахытбек Рысбаев жəне жаттықтырушылар Еркебұлан Зайдашов пен Кабира Аскарова дайындады.

Тағы да оқыңыз: