Kyzylorda-news.kz. Бүгін футболдан 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан мен Франция ұлттық құрамалары кездеседі. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен кешкі сағат 19:00-де басталады.

Қазақстандық футболшылардың әлем чемпиондарына қарсы ойыны “Астана Арена” алаңында өтеді. Тікелей эфирде QazSport арнасы көрсетеді. Сондай-ақ кездесуді телеарнаның ресми сайтынан да көруге болады.

Франция мен Қазақстан іріктеу кезеңінде бір топқа (D тобы) түсті. Дидье Дешам шәкірттері осыған дейін бір ойын өткізіп үлгерді. Өз алаңында Украинамен ойнап, 1:1 есебімен тең тарқасты. Қазақстанға қарсы екінші ойынына шығады.

D тобында Франция мен Украинадан өзге Финляндия, Босния және Герцеговина құрамалары бар.

Айта кетейік, бүгінгі ойынға жарақатына байланысты ұлттық құраманың белді ойыншылары Бахтиер Зайнутдинов пен Дмитрий Шомко қатыса алмайды.

Massaget

Тағы да оқыңыз: