Kyzylorda-news.kz. 4 шілде күні Нұр-Сұлтан қаласы, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирі өтеді.
Оныншы рет өтетін дүбірлі бәсекеге еліміздің 14 облысынан, Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында іріктеуден өткен 37 үздік балуан қатысады.
Қызылорда облысының намысын жерлестеріміз Нұрым Сәлімгереев пен Мақсат Исағабылов қорғайды.
Республикалық турнир карантин талаптарына сай көрерменсіз өтеді.
Жанкүйерлер турнирді “Qazaqstan” және “Qazsport” телеарналары арқылы тікелей эфирден тамашалай алады.