Kyzylorda-news.kz. Қазалыда 22-24 қазан күндері Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Мемлекет және қоғам қайраткері Елеу Көшербаевты еске алуға арналған грек-рим күресінен жастар арасындағы ХV дәстүрлі халықаралық турнир өтеді.

2006 жылдан бері өткізіліп келе жатқан байрақты бәсекеге грек-рим күресінен жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының чемпиондары, Азия және Әлем чемпионаттарының жүлдегерлері қатысады.
Турнирдің бас төрешісі Халықаралық дәрежедегі төреші – Райымбек Ғабиден.

Турнирде жеңімпаз және жүлдегер болған спортшылар грек-рим күресінен спорт шеберіне үміткер нормативін орындайды.

Одан бөлек, арнайы дипломдармен және медальдарьмен, жарыс демеушілерінің қомақты қаржылай сыйлықтарымен марапатталады.

22 қазан, сағат 16.00-де – турнирдің ашылу салтанаты
22-23 қазан күндері – спортшылардың белдесуі
24 қазан – Турнирдің жабылу салтанаты, марапаттау рәсімі

Өтетін орны: Әйтеке би кентіндегі №17 Қазалы ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі

Тағы да оқыңыз: