Қамшыбек Қонқабаев бокстан әлем чемпионатының елшісі атанды – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Қамшыбек Қонқабаев бокстан әлем чемпионатының елшісі атанды

04.04.2021, 9:30

756 0

Kyzylorda-news.kz. Бокстан әлем чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаев бокстан AIBA жастар арасындағы әлем чемпионатының елшісі болып тағайындалды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бокстан жастар арасындағы әлем чемпионаты 10-24 сәуір аралығында Польшаның Кельце қаласында өтеді.

«Мен осы әлем чемпионатының елшісі болғаныма қуаныштымын. Болашақ чемпиондар жас кезден қалыптасады. Сондықтан оларды қолдау аса маңызды. Жастардың финалына қатысып, тартысты жекпе-жектердің куәсі боламын деп ойлаймын. Барлық қатысушыларға сәттілік тілеймін!», – деді Қамшыбек.

Әлем чемпионаты елшісінің функцияларына әлем чемпионатын насихаттау және жарысқа қатысты барлық іс-шараларға қатысу кіреді. Сонымен қатар, спортшы әлем чемпионатына, жас былғары қолғап шеберлерімен кездеседі.

Сонымен қатар жарыстың баспасөз конференцияларына қатысады.

0

Пікір қалдыру