«Қайсар» қатарына Алексей Шумских қосылды – Kyzylorda News
Басты бет

«Қайсар» қатарына Алексей Шумских қосылды

11.02.2020, 11:40

295 0

Kyzylorda-news.kz. Қызылорданың «Қайсар» командасы құрамында биыл ресейлік қорғаушы Алексей Шумских ойын көрсететін болды.

А.Шумских 1990 жылдың 1 шілдесінде Ресейдің Барнаул қаласында дүниеге келген. Үлкен футболға алғашқы қадамын жергілікті «Динамо» клубында бастаған ол кәсіби деңгейде Ресейдің «Торпедо» (Мәскеу), «Спортакадемклуб», «Сатурн-2», «Нефтехимик», «Зенит» (Пенза), «Строгино», «Калуга», «Химки», «Томь» клубтарының намысын қорғады. 2018-2019 жылдарда ол «Томь» клубында 45 ойында жасыл алаңға шығып, қарсыластар қақпасына 4 гол соқты.

0

Пікір қалдыру