Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының Жастар ресустық орталығында шахматтан турнир өтті. Қалалық пробация қызметі мен Жастар ресустық орталығының ұйымдастыруымен өткен турнирге пробация есебіндегі 18-29 жас аралығында сотталғандар қатысты. Ақыл ой спорт түрі саналатын шахмат ойынына есептегі 12 жазасын өтеуші қатысты. Шахмат ойынының қыр-сырын меңгерген пробация есебіндегі азаматтар тартысты ойын көрсетті.
Турнир қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, Алғыс хатпен және сыйлықтармен марапатталды.
«Шахмат ойынын бала күнімнен ойнайтынмын. Бұл ойын ақыл-ойды алға қарай ұмтылдыратын, жаңа ойға жетелейтін спорттың түрі деп есептеймін. Қолым қалт етсе шахмат ойнаймын. Ұлымды да осы спорт түріне баулығым келеді. Бүгінгі турнирде қарсыластарым да осал болмады. Бірақ ойын болған соң, жеңіспен жеңіліс қатар жүреді емеспе? Ойынға барымды салып, жеңімпаз атандым. Ұйымдастырушыларға алғысым шексіз»,- деді есептегі азамат.