Kyzylorda-news.kz. Польшалық Boxing.pl басылымының редакторы Марек Цудек бірінші ауыр салмақтағы боксшы Қамшыбек Қоңқабаевты чемпиондық белбеуге үміткер деп атады. Журналист болашақ чемпиондар тізімін жасап шыққан, деп хабарлайды Stan.kz. 

Ауыр салмақта чемпиондық белбеуге таласуы мүмкін үміткерлер қатарында Ричард Торрес-кіші де бар. Ол Токио Олимпиадасының жартылай финалында Қоңқабаевты жеңген еді. 

“Жаңа үміткерлер келе жатыр. Бұл топтан кем дегенде екі чемпион шығады: Ричард Торрес-кіші, Крис Биллам Смит, Ричард Риакфор, Брэндон Глэнтон, Эфетобор Апочи, Қамшыбек Қоңқабаев, Мүслім Гаджимагомедов, Райан Розицки, Джордан Томпсон, Дэвид Ньика”, – деп жазды Цудек. 

Айта кетейік, Қамшыбек Қоңқабаев Алматыда өткен бокс кешінде Стивен Уордты жеңіп, WBA Gold белбеуін иеленген еді.

Тағы да оқыңыз: