Kyzylorda-news.kz. Бүгін Жалағаш ауданы Жалағаш кентінде 2 қараша күні бастау алған Мөрәлі Шаменовты еске алуға арналған дзюдодан 2005-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасында республикалық турнирді қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау рәсімі болып өтті.

Салтанантты шарада облыс әкімінің орынбасары Б. Мөрәліқызы, аудан әкімі А. Өмірбекұлы, Қызылорда облысының дзюдо федерациясының президенті, ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушысы, «Құрмет» орденінің иегері, Жалағаш ауданының құрметті азаматы С. Шоңмұрынұлы мен Қызылорда облысының дзюдодан жасөспірімдер арасында аға жаттықтырушы Р. Шакизадаұлы және Мөрәлі атамыздың ұрпағы Б. Шаменова барша спортшыларды жеңістерімен құттықтап, марапаттау рәсімін бастады.

300-ден аса спортшыны қамтыған жарыс нәтижесінде 36 спортшы жүлделі орындар иеленіп,қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, жас спортшыларға төрелік еткен төрешілер алқасына де сый-құрмет көрсетілді. 2 күнге жалғасқан турнир тартысты өтті, өңіріміздің спорты жандана түсті.

Тағы да оқыңыз: