Коронавирус: 2 ел Олимпиадаға қатыспайтынын мәлімдеді – Kyzylorda News
Басты бет

Бізге жаңалық жіберіңіз: +7(702)702-76-00

Коронавирус: 2 ел Олимпиадаға қатыспайтынын мәлімдеді

24.03.2020, 14:00

170 0

Kyzylorda-news.kz. Канада олимпиада комитеті 2020 жылғы Олимпиада ойындарына өз спортшыларын жібермейтінін жария етті.

Канада спортшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі маңызды екендігін айтып, Халықаралық олимпиада және Халықаралық параолимпиада комитеттері мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Олимпиада ойындарын бір жылға кейінге қалдыруға шақырды.

2016 жылғы Рио Олимпиадасына Канададан 314 спортшы қатысып, 22 медальға ие болған еді.

Канададан кейін Аустралия олимпиада комитеті де коронавирус кеңінен етек алған қазіргідей жағдайда Токио Олимпиадасына өз құрамасын жинай алмайтынын, сондықтан келесі жылға әзірленетінін мәлім етті.

Рио Олимпиадасына Аустралиядан 421 спортшы барып, 29 медальмен бұл елдің құрамасы жалпыкомандалық есепте 8-орынға көтерілген болатын.

Халықаралық олимпиада комитетінің президенті Томас Бах 2020 жылғы Олимпиада ойындарына байланысты түпкілікті шешім төрт аптадан кейін қабылданатынын жеткізді. Оның сөзіне қарағанда, Жапониядағы жағдай біртіндеп түзеліп келеді. Ұйымдастыру комитеті 24 шілде мен 9 тамызға жоспарланған жарысты бір айға немесе 45 күнге шегеру мәселесін де қарастыруы мүмкін.


0

Пікір қалдыру