Kyzylorda-news.kz. Белгілі америкалық The Ring журналының сайты барлық салмақ дәрежелері өкілдерінің рейтингтерін жаңартылған нұсқасын жариялады, деп жазады  Sports.kz.

Орта дивизионда Қазақстанның WBO Global және WBC Continental Americas чемпионы Жәнібек Әлімханұлы дәрежелер туралы табельге оныншы нөмірмен енді.

Еске сала кетейік, өткен демалыс күндері Жәнібек екінші раундта аргентиналық Гонсало Корияны нокаутпен жеңген болатын.

Орта салмақтағы The Ring чемпионы – мексикалық Сауль «Канело» Альварес, ал бірінші орында – Әлімханұлының отандасы, IBF және IBO әлем чемпионы титулдарының иегері Геннадий Головкин.

The Ring нұсқасы бойынша орташа салмақ дәрежесіндегі ТОП-10 мынадай: 1. Геннадий Головкин (Қазақстан) 2. Джермалл Чарло (АҚШ) 3. Деметриус Андраде (АҚШ) 4. Сергей Деревянченко (Украина) 5. Риота Мурата (Жапония) 6. Камил Шеремета (Польша) 7. Крис кіші Юбэнк (Ұлыбритания) 8. Роб Брант (АҚШ) 9. Лиам Уильямс (Ұлыбритания) 10. Жәнібек Әлімханұлы (Қазақстан)

Тағы да оқыңыз: