Kyzylorda-news.kz. Футболдан Еуропа чемпионатында топтық кезеңі аяқталып, плей-оффқа шыққан барлық командалар белгілі болды.

Е тобы

Словакия – Испания 0:5 

Испания алғашы екі матчта ұпай жоғалтқан соң бұл ойында барын салды. Олар Словакияның қақпасына жауапсыз 5 гол соғып, топтан екінші орынмен шықты.

Словакия – Испания 0:5 (0:2)

Голдар: Дубравка а/г 30, Ляпорт 45+3, Сарабия 56, Торрес 67, Куцка а/г 71.

Швеция – Польша 3:2 

Швеция Левандовскидің дубліне қарамастан жеңіске жеттім. Матчтың соңында шведтер есеп 2:2 болып тұрғанда жеңісті жұлып алды. Осылайша олар 1/8 финалға жолдама алды. 

Швеция – Польша 3:2 (1:0)

Голдар: Форсберг 2, 59, Классон 90+4 – Левандовски 61, 84.

F тобы

Германия – Венгрия 2:2 

“Өлім тобында” Венгрия екінші ұпайын алды. Франциямен тең түскен олар бұл жолы неміс құрамасын ұпайдан қақты. Ал Германия плей-оффқа үшінші орыннан өтетін болды.

Германия – Венгрия 2:2 (0:1)

Голдар: Хаверц 66, Горецка 84 – А. Шалаи 11, Шофер 68.

Португалия – Франция 2:2 

Еуропа мен әлем чемпиондар тартысты матчта 4 гол соғып, ұпай бөлісті. Осылайша Франция 1/8 финалға бірінші орыннан шықса, Португалия екінші жолдамаға ие болды. 

Португалия – Франция 2:2 (1:1)

Голдар: Роналду 31, 60 – Бензема 45+2, 47.

Stan.kz

Тағы да оқыңыз: