Kyzylorda-news.kz.  Ақмола облысының Щучинск қаласында жекпе-жек сайысынан ересектер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.

Айтулы жарыста жерлесіміз, ҚР спорт шебері Бақытбек Үмбетқұлов 90 келі салмақ дәрежесінде Қазақстан жеңімпазы атанды.

Қарсыластарынан басым түскен жас спортшы осы жеңісі арқылы 4-8 маусым аралығында Ташкентте өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

Б.Үмбетқұловтың жеңіске жетуіне жаттықтырушысы Дәуірбек Дәулетов ықпал жасады.

Тағы да оқыңыз: