Kyzylorda-news.kz. Футболдан Қазақстан чемпионатында бірінші лигада сынға түсетін Қызылорданың «Байқоңыр» командасы оқу-жаттығу жиынын өткізу мақсатында Өзбекстан астанасы – Ташкент қаласына аттанып кетті.

Оқу-жаттығу жиыны 18 ақпанға дейін жалғасады. Онда жолдастық кездесу ойындарын өткізеді деп жоспарланып отыр.

Дайындыққа аттанған футболшылар қатарында Дамир Байшылықов, Нұрмат Сәрсенов, Ислам Рахметов, Бекзат Бектай, Сәбит Шегебай, Қуаныш Кемалұлы, Нұржан Рақыш, Нұрдәулет Әмірбек, Тұрарбек Қуанышбеков, Наурызхан Бөржан, Олжас Алтаев, Аян Құлмағанбетов, Ерболат Серік, Қасымхан Алпысбаев, Руслан Дүйсенбаев, Елжас Сарбай, Әлім Тәңірбергенов, Мейіржан Меңлібаев, Дастан Бірімтай бар.

«Байқоңыр» 2014 жылы құрылған. Онда негізінен қызылордалық жастар ойнайды. Бүгінгі күнге дейін команда құрамынан «Қайсар» сапына алынған ойыншылар аз емес. 2019 жылы олар бірінші лигада сегізінші орын алды.

Тағы да оқыңыз: