Kyzylorda-news.kz Қазақстандық шоу-бизнестегі жарасымды жұлдызды жұптардың бірі Жанболат Ербатыров пен Жазира Байырбекова ерекше стильдегі образдарды паш етіп, елді таңғалдырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.
Жазира Байырбекова жолдасымен түскен бейнежазбаны Instagram-дағы парақшасында жария етті. Видеода ерлі-зайыптының ретро стильде киініп, билеп жатқанын көруге болады. Желі қолданушылары жұлдызды жұптың образдарына тәнті болып, оларға жарыса пікір білдірді.
"Нағыз ретро деген осындай болады", "Жастық шағымызды еске алып алдық қой", "Тамаша, біздің кезіміздегі киімдер ғой. Қолда магнитофон ұстап, осылай жүруші едік", "Біздің жас кездегі киімдерді қайдан тауып алдыңыздар", "Біздің кезде осы түстер хит болды", "Қандай керемет, жеңешем құлпырып тұр", "Керемет. Бәрі жараса кетеді", - деп жазуда көпшілік.
Фото: Жазира Байырбекова инстаграм парақшасынан