Kyzylorda-news.kz Танымал актер Олжас Абай жеке парақшасында жазба жариялап, оқырманын ойландырып қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Өнер иесі халыққа рақмет айтты.
“Біздің шығармашылығымызды жоғары бағалап, бізбен бірге жеңіске жетіп келе жатқан, талғамы биік көрермендерге көп алғыс айтамын. “Ыстық ұя” фильмі жай ғана драма емес, қоғамның бір айнасы екенін өздеріңіз дәлелдеп бердіңіздер. Рақмет! Алдағы жаңалық бұдан да шынайы, бұдан да қызық болмақ", – деп жазды актер.
Желі қолданушылары актердің жеке басына қатысты болжам жасап жатыр.
“Ендігі жаңалық үйлену той ма?", "Сөз салуды ұйымдастырып жатыр-ау”, "Енді жасыра бермей айтыңыздар, тиіспейміз", "Ең бастысы бақыттысыңдар!", "Әдемі жұпсыңдар, әпкеме жездем сай", “Ештеңеге қарамай бақытты болыңдар” – деп жазды көпшілік.
Фото: https://www.instagram.com/ochooou_official
