Kyzylorda-news.kz "Қазақ аруы-2024" байқауының жеңімпазы атанған Ақкербез Ысқаққызына сүйіктісі Франция елінің Париж қаласында үйленуге ұсыныс жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қуанышты жаңалықты блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.

“Миллион рет иә! Шексіз бақыттымын”, – деп жазды ол.

Желі қолданушылары блогер мен оның сүйіктісін жарыса құттықтап, ізгі тілектерін жаудырып жатыр.

Айта кетейік, блогердің сүйіктісі – Әкежан Айтбеков есімді спортшы.

 

Фото: instagram.com/aqkerbezm/

Тағы да оқыңыз: