Kyzylorda-news.kz  Белгілі әнші Қайрат Нұртастың анасы Zhuldyz News бағдарламасына берген сұхбатында әлеуметтік желіде өзіне бағытталған қызғанышқа толы жағымсыз пікірлерден қажып, біршама уақыт желіден алыстауға мәжбүр болғанын ашық айтты.

Ал Қайрат Нұртас өзінің барлық жетістіктеріне анасын себепкер санайтынын көпшілікке жариялағаннан кейін, жұртшылық тарапынан оның анасына деген түсіністік пен қолдау едәуір артқанын жеткізді.

«Кім не десе де, мейлі баласы қылмыс жасасын, мүгедек болсын – қандай жағдайда да баласын тастамайтын тек анасы. Мен тек анасы ретінде ғана емес, продюсері болғандықтан да оның барлық жұмысын бірге алып жүремін. Біраз уақыт тойларына, концерттеріне бармай жүрдім. Бір күні Қайрат концерт кезінде сахнаға шығып, халық алдында пікірін айтты. Сол сәттен кейін бұл менің тек аналық емес, продюсерлік міндетім екенін толық түсіндім», – деді ол.

Фото: @gulziraaidarbekova

Тағы да оқыңыз: