Kyzylorda-news.kz Актриса бұл құрылыс компаниясын екі жыл бойы жарнамалаған.

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың алғашқы сот отырыс өтті. Сот екі тараптан өзара келісімге келуді ұсынған. Бұл туралы ол желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Айтуынша, қарсы тарап Жұлдыз Әбдікәрімова жайында жалған ақпарат берген. Оны үйге толық төлем жасамады деп көрсеткен.

«Менің апелляцииялық шағымым бойынша қалалық сотта алғашқы отырыс өтті. Әзірге көңілім толады немесе толмайды деп айта алмаймын. Себебі, ұсынылған дәлелдер толық қаралып біткен жоқ. Алайда, қарсы тараптың еш дәлелсіз сотқа жалған ақпарат ұсынып, шатастырмақ болған сәттері бар. Қалай болғанда да сот екі тараптың дәлелдерін тексеретініне сенемін. Үйге толық төлем жасалмады деп айды аспаннан бір-ақ шығарды. Өздеріңізге мәлім, мен бұл құрылыс компаниясын екі жыл жарнамаладым. Келісімшарт бойынша барлық сома өтелді. Жарнамалық келісімшартты іске дәлел ретінде тіккенімді сот назарына тағы бір ескертемін. Үйге толық төлем жасалғаны, үйіме қосы паркингті сатып алып, ақшасын әлі күнге бермегендігі жайында келісімшарттар мен түбіртектер бар», - дейді ол.

Айта кетсек, осыған дейін Жұлдыз Әбдікәрімова құрылыс компаниясына алданып қалғаны туралы жазба жариялаған болатын.  

Сурет: Фотоколлаж Kyn.kz

Тағы да оқыңыз: