Kyzylorda-news.kz   Жеке өмірі жиі ел талқысына түсетін актер, шоумен Жахан Отарғалиев жеке өмірінен сыр шертті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жахан Отарғалиев әнші Балжан Бидашпен ажырасып кеткен соң бойжеткендермен танысып, кездесіп жүргенін айтты. Өнер иесі бір арумен көріскенде болған қызықты жағдайды бөлісті.

"Біреумен кездесіп жүрсің бе? Біреумен таныстың ба? Үйленейін деп жатырсың ба? Бұл маған өте жиі қойылатын сұрақтар. Иә, танысқанмын. Жақында кездескенбіз. Сөйлесу барысында "Мәһрге не сұрайсың?" дегенмін. Жаңа Gelandewagen сұрады. Құны 150 млн теңге. Не істеді деп ойлайсыңдар", – деп оқырмандарын ойландырып қойды актер. 

Фото: Жеке парақшадан алынды

Тағы да оқыңыз: