Kyzylorda-news.kz Танымал әнші Балжан Бидаштың қазақ жігіттеріне қатысты айтқан пікірі жұртқа жақпай қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.
Өнер иесі “Сыр” бағдарламасында қонақ болды.
"Көбі қазақ жігіттеріне ешкім жетпейді деп жатады. Мысалы, құрбым Фаризаның күйеуі – орыс. Фариза қазақ жігітіне шықса, жылап, бақытсыз өмір сүреді. Көзінен нұры жоғалып, қатты бақытты болмайды. Ал қазір ол Андреймен бақытты. Әрине, қазақтың саны көп болуы керек. Бірақ сенің басқа ұлттың азаматымен әңгімең жарасып, іштей шын бақытты бола алатын болсаң, мен қарсы емеспін. Менің ойым осы", – деді әнші.
Желі қолданушылары әншінің сөзін қызу талқылап жатыр.
“Тексіздік сөзі”, “Оны тікелей Жаханға айтсаң болады”, “Өзі жақында басқа ұлтқа шығатын сияқты”, “Қазақ жігітінің қадірін түсіріп тастады”, “Махаббат ұлтқа қарамайды”, “Балжанды қатты құрметтейтін едім”, – деп жазды көпшілік.
Фото: https://www.instagram.com/bidash_official/