Kyzylorda-news.kz Танымал продюсер Баян Алагөзованың қызы, блогер Айсәуле Бақытбек әлеуметтік желіде әкесі туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогерге оқырмандарының бірі "Әкеңізді кешірдіңіз бе?" деген сұрақ қойған. Айсәуле Бақытбек бұл сұраққа жауап беріп, болған оқиғаны қабылдайтынын айтты.
"Кешіру мен түсіну кейде мүмкін емес. Бірақ мен қабылдаймын және жақсы көремін. Осы жеткілікті болады деп үміттенемін", – деп жауап жазды блогер.
Айта кетейік, блогер әкесінің анасы Баян Мақсатқызына қол көтергеніне қатысты жиі пікір білідреді.
“Мен әкеммен түскен фотомды жарияласам, маған кейбір оқырмандарым: “Жарайсың, араласқаның жақсы” деп пікір жазады. Олардың маған жұмсартып айтқан пікірлері ұнамайды. Әкемнің ісі – ақтауға келмейтін дүние. Ешқандай жағдайда. Бұл сурет және біздің араласатынымыз, оны аз да болса түсінетінімді немесе ақтағым келетінін білдірмейді. Бұл олай емес”, – деді Айсәуле Бақытбек.
Коллаж: Stan.kz