Kyzylorda-news.kz Қазақтың тойында тағы бір таңданыс тудырған жайт орын алды – тойға келген қонақтар кімнің ақшасы көп екенін көрсетіп, жарысты, деп жазады Azattyq Rýhy.
Ойынға қатысқан қонақтардың бірі банк картасында 25 млн теңге бар екенін айтты. Ал бухгалер болып істейтін мейман банк картасында 103 млн теңге жатқанын көрсетіп, бас сыйлықты ұтып алады. Тамаданың әлеуметтік желідегі локациясына қарасақ, той Қызылорда қаласында өтуі мүмкін.
Дегенмен, видеоға пікір жазған адамдар бұл бухгалтерді шұғыл түрде Антикор тексеру керек деген пікірде қалған.
«Бухгалтерді антикор тексеруі керек. Картасында 103 млн теңге бар, бірақ тойға он мың беретін шығар. Жұмысшылардың жалақысын картасына салып алған болар. Ары таза болған соң, көрсетіп отыр ғой. Бір мекеме жұмысшыларының айлығы шығар, депозитке айналдыру үшін салып қойған шығар», – деп жазған олар.
Фото: Azattyq Ruhy / Әсет Құндақбаев