Kyzylorda-news.kz Белгілі әзілкеш әрі шоумен Жахан Отарғалиев өмірлік серігінің тосын сыйына толқыды. Ол Instagram парақшасында жарының ерекше тартуын бөлісіп, эмоциясын жасыра алмады, деп хабарлайды Anyqtime.kz тілшісі Skifnews.kz сайтына сілтеме жасап.

Бейнежазбада жұбайының қобалжып тұрғаны, ал Жаханның не боларын аңғармай, көңілі шат күйде отырғаны көрінеді. «Әрдайым мені сен қуантушы едің, енді сені қуантар кез менікі», – дейді ол видео барысында.

Жұбайы әзілкешке кіші қажылық – Ұмра сапарына жолдама тарту еткен. Бұл күтпеген жаңалық Жаханның жүрегін елжіретіп, ол қуаныштан көзіне жас алды.

Желі қолданушылары бұл сыйды өте мағыналы деп бағалап, түрлі пікір жазды. Дегенмен кейбірі алғашқы сәтте бұл басқа жаңалық болар деп үміттенгендерін жасырмады:

– «Аяғы ауыр деп ойлап қалдым», – «Екі «полоска» күткендер біргеміз», – «Бөпенің нәскиі шықса екен деп тілеп едім. Бұйыртса сол күнге де жетерсіздер?!», – «Алла бәрімізге осындай сүйінші сәт нәсіп етсін», – деп жазды олар.

Өз жазбасында Жахан Отарғалиев: «Мұндай сыйлықты күтпеген едім. Аллаға шүкір!» – деп ризашылығын білдірді.

Коллаж: Sn.kz

Тағы да оқыңыз: