Kyzylorda-news.kz Танымал әнші Төреғали Төреәлінің Астана мен Алматы және Шымкент пен Тараз қаласында жоспарланған концерті өтпейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің әріптесі Мақпал Жүнісова хабарлады. 

“Төреғалидың концерті кейінге қалдырылыпты. Әншінің концерті денсаулығына байланысты шегерілген. Сатылған билеттер түгел қайтарылады”, – деп жазды әнші. 

Эстрада жұлдызының әкесі ақпан айында концертке шақырған еді. Алайда Stan.kz тілшісінің сұрағына жауап бермеді. 

“Ассалаумағалейкум, ағайын! Алланың қалауымен Ұлы дала баласы Төреғали Төреәлі ұлымыздың концертінде аман-есен, төрт көзіміз түгел, бас қосуды нәсіп етсін”, – деп жазған еді арт-менеджер. 

Фото: Stan.kz

Тағы да оқыңыз: