Kyzylorda-news.kz Танымал блогер Айжұлдыз Адайбекова мобилограф Сәкен Қағаровпен некесін қидырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желі жұлдызы жеке парақшасында жақсы жаңалықты сүйіншіледі.

“Әрекет пен дұға түбі – береке. Ерлі-зайыптымыз. Қасымда болғандарыңа рақмет”, – деп жазды Айжұлдыз.

Айта кетейік, блогерге жігіті Исландиядағы сарқырамада тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған еді.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, екі жасқа бақыт тілеп жатыр.

“Некелерің мәңгілік болсын!” Екеуі бір-бірі үшін жаралғандай”, “Екі дүниенің бақытын бұйыртсын!”, “Құрған отауларың берік болсын!”, – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, блогер мобилограф Қыран Талапбекпен шаңырақ көтеріп, кейін ажырасып кеткен еді. Назар есімді ортақ ұлдары бар.

Фото: https://www.instagram.com/aizhuldyz_adaibekova/

Тағы да оқыңыз: