Kyzylorda-news.kz Танымал әнші Ayree жақында тұрмысқа шықпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесі қуанышты жаңалығын жеке парақшасында жария етті. 

“Мен “иә” дедім. Барша құттықтаулар мен тілектеріңізге алғыс білдіреміз!Барлығын оқып шықтық. Шүкір, бақыттымыз!”, – деп жазды әнші.

Эстрада жұлдызының таңдауы Нұркен Қасымов есімді танымал клипмейкерге түскен.

Айта кетейік, өнер иесі ғашығымен бірге Шанхай қаласына арнайы түсірілім жасау үшін барған. Алайда түсірілім барысында ойламаған жерден Ayree-дің сүйіктісі оның алдынан шығып, сақинасын ұсынды. Шоу-бизнес жұлдызы мұндай тосынсыйды мүлдем күтпей, көз жасына ерік берді. 

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, қос ғашыққа бақыт тілеп жатыр. 

“Айри бақытты болуға лайық қыз”, “Кәріс жігітіне ұқсайды екен”, “Қандай керемет жаңалық”, “Нұркенді танимыз, өте жақсы жігіт”, – деп жазды көпшілік. 

Фото: https://www.instagram.com/ayreeofficial/

Тағы да оқыңыз: