Kyzylorda-news.kz Танымал қазақстандық актриса Дариға Бадықованың экс-күйеуі, актер Дархан Мұсаев көптің көкейінде жүрген сұраққа жауап беру мақсатында мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 Дархан Мұсаев әлеуметтік желідегі парақшасында Дариға Бадықовамен ресми түрде ажырасып кеткенін айтып, жеке өміріне қатысты сұраққа нүкте қойды.

290780-entry-0_0-1757598242.jpg

«Құрметті ағайын! Көптен бері айтылып жүрген сауалға бүгін нүкте қоюды жөн көрдім. 2008 жылдың 11 тамызында Дариға Бадықовамен некелестік. 16 жыл бойы ерлі-зайыпты ретінде бірге өмір сүрдік. Алайда 2024 жылдың күзінде ресми түрде ажырасу туралы өтініш беріп, отбасымызды тарқаттық. Қазіргі таңда Дариғамен жеке өмірде де, шығармашылықта да байланысымыз жоқ», – деп жазды актер.

Фото: https://www.instagram.com/tv7_kz/

Тағы да оқыңыз: