Kyzylorda-news.kz. Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Украинадағы шиеленіс аумағына қазақстандық бітімгерлерді жіберу мүмкіндігі туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап берген палата төрағасы Қазақстан ҰҚШҰ-ның мүшесі екенін еске салды. Осыған байланысты «шиеленіс аумағына қазақстандық бітімгерлерді бағыттау мүмкін бе» деген сұрақ туындайды. Бұл тұрғыда біздің ұстаным бірмәнді. БҰҰ жарғысына және басқа да құжаттарға сәйкес, Қазақстан ҰҚШҰ елдерінен тыс жерлерге біздің бітімгерлерді тек БҰҰ мандатына сай жібере алады.
Оның айтуынша, ҰҚШҰ жарғысына сәйкес, ұйымның бітімгерлік күштері мен әскерлері тек мүше елдердің аумағында ғана әрекет етеді. Шиеленіс аймағы ұйымға мүше елдердің аумағына кірмейді, сондықтан осы шартқа әрі ратификацияланған келісімдерге сай, қақтығыс аймағына ҰҚШҰ аясында бітімгерлерді бағыттауға болмайды.