Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев “Ұрпақ теңдігі” атты жаһандық форум қатысушыларына бейнеүндеу жасайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады.

“Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 21:30-да Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев “БҰҰ – әйелдер” құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған “Ұрпақ теңдігі” атты жаһандық форум қатысушыларына бейне үндеу жасайды”, – деп жазды Уәли.

Виртуалды форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған.

Форумның негізгі мақсаты – осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негізделген көпжақты механизм қалыптастыру.

Тағы да оқыңыз: