Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бейнеүндеу жасайды – Kyzylorda News
Басты бет

Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін бейнеүндеу жасайды

01.07.2021, 12:00

1312 0

Kyzylorda-news.kz. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейнеүндеу жасайды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында хабарлады.

«Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша шамамен сағат 21:30-да Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «БҰҰ – әйелдер» құрылымының Франция және Мексика үкіметтерімен бірлесіп ұйымдастырған «Ұрпақ теңдігі» атты жаһандық форум қатысушыларына бейне үндеу жасайды», – деп жазды Уәли.

Виртуалды форматта өтетін жиын гендерлік теңдік саласындағы жаһандық күш-жігерді үйлестіруге арналған.

Форумның негізгі мақсаты – осы процеске тартылған барлық қатысушының нақты міндеттемелеріне негізделген көпжақты механизм қалыптастыру.

0

Пікір қалдыру