Kyzylorda-news.kz.  ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы жарияланды, деп хабарлайды Ақорда.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы

2022 жылғы 11 қаңтар

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

Тағайындалсын:

Роман Васильевич Скляр – Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов – Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары;

Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді – Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов – Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі;

Ғалымжан Тельманұлы Қойшыбаев – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы;

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Ерлан Заманбекұлы Тұрғымбаев – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Асқар Қуанышұлы Омаров – Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрі;

Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Қанат Сергейұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Асхат Қанатұлы Аймағамбетов – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Ажар Ғиният – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі;

Серік Жамбылұлы Шәпкенов – Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі;

Қайырбек Айтбайұлы Өскенбаев – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі;

Ерұлан Кенжебекұлы Жамаубаев – Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Юрий Викторович Ильин – Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі;

Әлібек Сакенұлы Қуантыров – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Бағдат Батырбекұлы Мусин – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі;

Серікқали Аманғалиұлы Брекешев – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі;

Болат Оралұлы Ақшолақов – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 11 қаңтар

№ 756

Тағы да оқыңыз: